|
06.07.2020 | 09:18
8471

Бүгін – астана күні

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді

Бүгін – астана күні  Фото: Владислав Воднев

Бүгін қазақстандықтар астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-сында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді.

1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Елбасының атын мәңгі сақтау үшін Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс жасады.

«Біз, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері, Елбасының саяси мұрасын жадымыздан шығармай, қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз қажет. Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек. Бұл халқымызды, әсіресе, жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды. Ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын келесідей түрде есте қалдыру қажет деп санайын. Елордамыз оның атын иемденіп, Нұр-Сұлтан деп аталуы тиіс. Мұндай ұсыныс бұған дейін 2016 жылдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай парламентарийлер қабылданған декларацияда айтылған еді», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сол күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында дептуттар Астананың атауын Нұр-Сұлтан қаласы өзгерту туралы Заң қабылдады. Ал 2019 жылғы 23 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы –  Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы –  Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жыл сайын елорда күні кең көлемде тойланып келді. Алайда, өкінішке қарай биыл елімізді жайлаған коронавирус індетіне байланысты барлық бұқаралық шараларға тыйым салынып отыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді.

Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар ашылады.

Шараларға қатысатын адам саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир