|
23.06.2022 | 10:16
2935

Алматыда бір отбасының 16 мүшесі ​​ішкі істер органдарының қызметкері

Қай мамандықта болмасын отбасы әулеттері құрметке лайық

Алматыда бір отбасының 16 мүшесі ​​ішкі істер органдарының қызметкері Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда бір отбасының 16 мүшесі ішкі істер органдарында қызмет етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық ПБ-ның жедел уәкілі, полиция лейтенанты - Нұрсерік Амантұр бала кезінен офицерлік форма киюді армандаған.  Мектеп бітірген соң жас жігіт ҚР ІІМ-нің М. Е. Есболатов атындағы Академиясына оқуға түседі.  ЖОО-ны бітіргеннен кейін, ол отбасылық әулетті жалғастырды.

Қай мамандықта болмасын отбасы әулеттері құрметке лайық.  Полицейлер әулетінде Отанға, өз халқына қызмет ету ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.

«Ұлы Отан соғысынан оралған Ыдырыс Ахматов атамыз көпбалалы отбасының отағасы болды. Майдангердің ұлы ішкі істер органдарында қызмет етуді мамандығы ретінде таңдаған.  Ұл-қыздары әке жолын қуып, қылмысқа қарсы күресті кәсіби қызметі ретінде таңдады», - дейді Прокуратура органдарының бұрынғы қызметкері болған кейіпкеріміздің анасы Жанна Орманқызы.

Ішкі істер органдарындағы жұмыс Нұрсерік Амантұрдың басқа да туыстарын бір-бірімен байланыстырады.  Үлкен әулеттің 16 өкілі не ішкі істер органдарында қызмет еткен, не қазір полиция қатарында халыққа қызмет етудің игі дәстүрін жалғастыруда.

«Атам мен үшін әрқашан үлгі болды.  Полицияның жұмысы жалқауларға арналмаған.  Отанға адал қызмет ету, ар-намыс пен абырой жайындағы әңгімелер мен мысалдардан өстім.  Бала кезімде оның формасын киіп тұрып, отбасылық әулетті жалғастыратынымды анық білдім», - дейді лейтенант Амантұр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир