|
13.12.2019 | 10:28
3349

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды– Ерлан Тұрғымбаев

Тұрғымбаев Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды– Ерлан Тұрғымбаев

ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу амалдары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмыстық құрамның болмауына байланысты ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды. Оның ісіне қатысты барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп, істің заңдылығын тексеру үшін материалдар прокуратураға жөнелтілді», - деді министр.

Айта кетейік, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге пікір білдіріп, оның тоқтатылғанын айтқан еді. Ал бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын түсіндіріп берген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ІІМ
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир