|
20.03.2019 | 17:13
9092

Ұлыстың ұлы күні: Алматыда Наурыз шеруі өтеді

Алматыда Наурызда ұлттық киім киген сән-салтанаты жарасқан топ көшелермен жүріп өтеді

Күн мен түн ғана емес, хан мен қара да теңелген қасиетті Наурыз мейрамы Алматыда «Наурыз шеруімен» басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Алматыда Наурызда ұлттық киім киген сән-салтанаты жарасқан топ көшелермен жүріп өтеді.

21 наурызда таңертең шеруге қатысушылар Абай даңғылының бойында Қазақ мемлекеттік циркі алдындағы алаңға жиналып, сағат 10-да ұлттық киім киген қатысушылар дабылдатып, сахналанған көрініспен шеруді бастайды. Арнайы көліктің үстінде Қыдыр Ата мен Жер Ана шеруді бастап жүреді.

«Шеруге Алматы қаласы мәдениет мекемелері, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары, саятшы - бүркітшілер мен таз ит баптаушылар, қала тұрғындары барлығы 2 мыңға жуық адам қатысады», - делінген Қоғаммен байланыс қызметінің баспасөз баянында.

Абай даңғылымен көш түзеген шеру Абылай хан даңғылымен төмен түседі. Сырнайлатып, кернейлеткен сәнді топ Қабанбай батыр көшесінде оңға бұрылып, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрына дейін сән-салтанатымен жүріп өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир