|
20.06.2023 | 12:03
2553

Маңғыстау облысында оқытушылар жалған дипломмен сабақ берген 

Колледждердің сегіз оқытушысы жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында оқытушылар жалған дипломмен сабақ берген  caravan.kz

Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 8 мұғалім анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың бесеуі Ақтаудағы колледждерде, ал үшеуі Қарақия ауданында сабақ беріпті. Бүгінде олардың бәрі жұмыстан қуылған. Жалпы 3 педагогке қатысты сот үкімі шыққан. Кәсіптік білім беру ұйымында заңсыз құжатпен 2 жыл жұмыс істегені үшін бір маман қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа жіберілді.  

«Жалған дипломды жасау бойынша тергеу жүргізіліп, оған баға беріледі», – деді облыстық прокуратура үшінші басқармасының басшысы Мерген Меңдіғалиев.

Қалғандарының ісі рақымшылық актісімен тоқтатылған. Колледж басшылары өздеріне келетін маманның дипломдарын тексере алмайтынын алға тартып отыр. Алайда бір факт бойынша тергеу жалғасып жатыр екен.

Айта кетейік, облыста өткен жылы да дәл осындай заңсыздықтар тіркелген. Ол кезде 14 ұстаздың құжаты жалған екені анықталған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир