|
29.05.2021 | 16:08
4858

Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

24 мамырдағы жағдай бойынша 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды bilimdinews.kz

Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар», – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

24 мамырдағы жағдай бойынша 75 мыңнан астам талапкер тест тапсырды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир