|
24.02.2020 | 12:45
1380

17 мың қызметкер баспана кезегінде тұр – министр

12 мың полицей тектен-тек күзетшілердің жұмысын атқарып, қор болып жүр

17 мың қызметкер баспана кезегінде тұр – министр informburo.kz

Елімізде спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ішкі істер органдарының бөлімдерін жаппай тарту практикасы қысқартылады. Бұдан былай бұқаралық шараларды ұйымдастырушылар жеке күзет құрылымдарының жұмыскерлерін және волонтерларды жұмылдыратын болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сот, прокуратура, салық органдары секілді мемлекеттік нысандарда 12 мың полицей тектен-тек күзетшілердің жұмысын атқарып,  қор болып жүр. Сол себепті бұл функция лицензиясы бар жеке күзет фирмаларына берілмек. Бүгінгі таңда полиция құрамы 11 пайызға қысқартылған. 1500-ге жуық басшылық лауазым таратылыпты. Жол-патрульдік полициясы патрульдік болып қайта ауыстырылған. Штатты оңтайландыру нәтижесінде 16 млрд.теңге үнемделген. Осылайша қызметкерлердің жалақысын арттырамыз», – дейді министр.

Министр бұдан кейін ішкі істер саласындағы мемлекеттік қызметкерлерді  тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қозғады.

 «Тұрғын үйді жалға алу өтемақысын алатын қызметкерлердің санын көбейттік. Жедел тергеу бөлімдерімен мұндай құқық учаскелік қызметкерлерге, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларға, патрульдік полицейлерге де берілді. Қазір өтемақыны 15500-ден астам тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер алады. Әлі де 17 мың қызметкер баспана кезегінде. Бүгінде Ішкі істер министрлігі ғана қызметкерлерін толық үймен қамтамасыз етпеген орган болып тұр», – дейді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ

Сонымен қатар, ведомстволық білім беру жүйесі оңтайландырылған. Полицейлерді даярлайтын 12 оқу орнынан  үздік 5-уі ғана қалған. Яғни Ішкі істер министрлігі бакалавриат бағдарламасы бойынша маман даярлаудан түбегейлі бас тартып отыр. Дегенмен, ведомство жүзеге асырып жатқан кейбір жаңашылдықтар Сенат депутаттарының көңілінен шықпады. Олар арнайы оқу орындарының қысқартылғаны, кейбір құрылымдардың біріктірілгені бұрыс шешім деген ойын білдірді.  

«Бұл – көп функционалды, көп профильді,  сан-салалы үлкен министрлік. Мұның алдында болған 3 реформаның үшеуінде де бірнеше қателік кетті, оның шет жағасын біз жаңа айтық. Бір функциясы Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігіне, екінші функциясы басқа жерге көшті. Тіпті бір кездері мынау қаржыландыру мәселесін жақсартады, жергілікті әкімшілік тарапынан жақсы көңіл бөлінеді, үймен қатамасыз етеді, қаржатпен, тағы басқа тиісті құрылғылармен қатамасыз ету мәселесі жақсартылады, тіпті оперативті басқару жақсартылады деп құрылған жергілікті полиция  өзін-өзі ақтамады», – деді Сенат депутаты Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАМЕД


Асылбек ТОЙБЕК, Нұр-Сұлтан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир