|
19.06.2021 | 13:37
1340

19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні

1992 жылғы 19 маусымда Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін құру туралы директиваға қол қойды

19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні  Фото: ашық дереккөзден алынды

19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін еліміздің әуе қалқаны деп атайды. Бұл әскерлердің басқармасы осыдан 29 жыл бұрын құрылды. Бүгінгі таңда ол Әуе қорғаныс күштерінің жеке әскер тегі. 

1992 жылғы 19 маусымда Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін құру туралы директиваға қол қойды. 

Әскерлердің құрамына Қазақстан аумағында орналасқан ӘШҚҚ құрылымдары мен бөлімдерінің 37 корпусы – зенит, зымыран, радиотехника және авиация бөлімдері, сондай-ақ әуе айлақтық-техникалық бөлімшелер, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету батальоны кірді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир