|
30.05.2020 | 14:46
2378

Қай салада жылдам миллиардерге айналуға болады – рейтинг

Сарапшылардың пікірінше, бизнес үшін ең қолайлы елдер – АҚШ және Қытай

Қай салада жылдам миллиардерге айналуға болады – рейтинг Фото: ee24.ru

Wealth-X компаниясының зерттеушілері ақша тауып, оңай миллиардер атануға болатын салалар рейтингін құрды, деп жазады Almaty.tv Baq.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Мамандар бес миллион доллардан астам қаражаты бар миллионерлердің ақшаны қалай және қайда тапқанын анықтау үшін олардың деректер базасын саралап шыққан. 

«Мысалы, қаржы және банк саласы (ауқатты адамдар көрсеткіші 30%) көшбасшы саналады. Екінші орында қызмет көрсету саласы (16%) тұрса, үшінші орынға коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар (7%) жайғасқан», - делінген кorrespondent.net сайты келтірген ақпаратта.

Бұдан әрі миллиондаған табыс табуға болатын бизнес сегменттерінің рейтингі төмендегідей көрініс тапқан:
• Жылжымайтын мүлік (5,4% бай адамдар)
• Денсаулық сақтау (4,9%)
• Технологиялар (4,7%)
• Өндіріс (4,1%)
• Қонақ үй және ойын-сауық бизнесі (4,1%)
• Құрылыс және техника өндірісі (3,9%)
• Тамақ және сусын өндірісі (3,8%).

Сарапшылардың пікірінше, бизнес үшін ең қолайлы елдер – АҚШ және Қытай. Сондай-ақ, мамандар болашақта кәсіпкерлер жас кездерінде-ақ байи бастайды деп болжап отыр, ал әлемдегі бай әйелдердің үлесі бұдан әрі қарай да  өсе береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир