|
11.06.2021 | 14:48
737

Мектептердің тек 6% ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан – Тұрғымбаев

Онлайн-қызметтердің дамуына орай ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық 2 есе көбейген

Мектептердің тек 6% ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан – Тұрғымбаев Фото: ашық дереккөзден

Елімізде мектептердің тек 6% ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеткізді. Сонымен қатар, министр елімізде интернет арқылы алданып жатқан азаматтар өте көп екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Онлайн-қызметтердің дамуына орай ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық 2 есе көбейген. Мұндай қылмыстардың салдарынан азаматтарға 67 млн теңге шығын келіп, жауапкершілікке 450 адам тартылған. Онымен қоса, ведомство басшысы көлікке арналған жолда электросамокатпен жүруге тыйым салынғанын айтты. Мұндай жағдай орын алса оның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Министрдің айтуынша, оларға велосипедке арналған жолмен және тортуарлармен жүруге рұқсат беру мәселесі қарастырылуда. 

«Бүгінгі күні сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге қауқарлы самокаттар да бар. Алайда заңнамаға сәйкес, олар жол көлік қозғалысының қатысушылары болып саналмайды. Яғни жол көлік ережісінде ондай транспорт жоқ. Өйткені олар көлік нормаларына сәйкес келмейді, артқы, шеткі көлік қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін айналармен жабдықталмаған, дөңгелектерінің диаметрі, тежегіштеріне қатысты сертификатталған техникалық сипаттама жоқ»,– деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, биыл елімізде 248 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Олардың 12% жалғыз қалудан шаршағандар, достарымен қарым-қатынасының бұзылуына байланысты - 10%, білім беру ұйымындағы келеңісіздіктерге, қаржылық жағдайына байланысты - 3және әр үшінші жағдай туыстарымен болатын жанжалдарға байланысты тіркеледі екен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир