|
25.07.2022 | 14:56
3379

Қытай – Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді серіктесі

Алматыда халықаралық ғылыми симпозиум өтті

Қытай – Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді серіктесі Almaty.tv

Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа – 30 жыл. Осы уақыт аралығында екі елдің сауда-экономикалық көрсеткіші 60 есеге артып, 22 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық ғылыми симпозиум кезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Конференцияға белгілі қазақстандық және қытайлық ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Олар екі ел арасындағы ғылыми байланыстың маңызын талқылап, гуманитарлық бағытты одан әрі дамыту жолдарын пысықтады.

«Мен ғалым, сарапшы ретінде айтар едім. 30 жыл ішінде екі ел арасында ешқандай қайшылас мәселе болған жоқ. Бір мәселелер шығып жаста, бір-бірімен ақылдаса отырып, бірлесіп шешіп отырдық», – деді ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ақан Бижанов.

Қытай – Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді серіктесі. Сарапшылар әлемдегі геосаяси жағдайдың ушыққанына қарамастан көрші елмен қарым-қатынас ешқашан бұзылған жоқ дейді. Бұл алдағы уақытта да түрлі салада байланыс орнатуға үлкен септігін тигізбек.

«Қытаймен ғылым саласында да байланыс мығым. Оған екі жыл бұрын екі ел арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум дәлел. Мәселен өткен жылы біздің саясаттану және дінтану институтының ғылыми делегациясы Сиань университетіне барып, тәжірибе алмасып келген еді. Ресми сапар аясында шетелдік әріптестерімізбен кездесіп, біраз тақырыптарды талқыладық», – деді Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығының директоры Айдар Әміребаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир