|
03.06.2020 | 15:13
4610

3 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні: Алматыда белсенділер қала көшелерінде тазалық жүргізді

Еріктілер қала тұрғындарын осындай істерге ат салысып, тазалықты ұстауға шақырды

3 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні: Алматыда белсенділер қала көшелерінде тазалық жүргізді almaty.tv

3 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.  Осыған орай, Әуезов ауданында бір топ белсенділер қала көшелерінде тазалық жұмысын жүргізді. Аталмыш шараға аудандық әкімдік өкілдері мен қатар Нұр Отан  партиясы, Қазақ қатынас жолдары университеті, Алматы көп салалы колледжінің қызметкерлері қатысты. Яғни, жетпіске жуық белесенді бір кісідей ат салысқан. Айналаны күл-қоқыстан тазарту Абай көшесінен басталды. Одан бөлек, Сайран көлінің жағасы, Төле би көшесінің бойы сондай-ақ, «Сарыарқа» кинотеатрының артында орналасқан гүл бағы тазаланбақ.

«Халық кеңінен демалатын алаңды тазалауға, сенбілікке ат салысып жатырмыз. Әрине, біріншіден, азаматтық позициямыз, азаматтық борышымыз. Халық үшін осының бәрі істелініп жатыр. Күш-жігерімізді аямай, таңертеңнен бастап тазалыққа кірістік», – деді Әуезов аудандық Нұр отан  партиясының мүшесі Қанатбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Жалпы осындай бағыттағы сенбілік жұмыстар экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор дейді. Айта кету керек, мұндай шара алдағы күндері де  жалғаса бермек. Ал, еріктілер қала тұрғындарын осындай істерге ат салысып, тазалықты ұстауға шақырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир