|
21.05.2019 | 15:49
1166

Өндіріспен айналысатын зауыттарға несие пайызын төмендету керек – Дания Еспаева

Өндіріспен айналысатын зауыттарға несие пайызын төмендету керек – Дания Еспаева

Қазақстанда жасалған өнім бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Сонда ғана тауар әлемдік нарықта сұранысқа ие болады. Сонымен қатар, кәсіпорынның толық қуатымен жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан қолдау аса қажет. Елордадағы  арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын жұмысшыларымен кездескен президенттікке үміткер Дәния Еспаева осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Арнайы экономикалық аймақта орналасқан зауыттың бірі – әскери техника жасайтын кәсіпорын. Оның 70 пайызы отандық. Ал, көліктің қаңқасына қажет болат жабындылар Ресейден жеткізіледі. Мамандардың айтуынша, зауыт толық қуатында жұмыс істеу үшін алдын-ала тапсырысты айқындап алу керек. Президенттікке үміткер Дәния Еспаевамен кездесуде осы мәселе айтылды.

«Зауытқа тапсырысты Қорғаныс министрлігі береді. Зауыт бір жылдық тапсырыс алады. Ал, негізінен дұрыс жұмыс жүру үшін ол алдын-ала 3-5 жылға тапсырыс алуы керек. Бұл – біріншіден. Екіншіден, қазіргі кезде бұл зауыт 16 пайызбен несие алып отыр екен. Мұндай өндіріс шығаратын зауыттарға несие пайызын төмендету керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Дәния ЕСПАЕВА.

Әскери техника – бірінші кезекте мемлекеттің айбынын асыратын күшті құрал. Сонымен қатар ол – тетігін таба білгендер үшін табыс көзі. Кездесуде Дәния Еспаева осындай бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау ерекше болуы қажеттігін атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир