|
28.06.2022 | 16:54
6726

Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылаған жоқ – Вице-Премьер

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету қаралуда деген еді

Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылаған жоқ – Вице-Премьер  Фото: ашық дереккөзден

Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылап жатқан жоқ. Ол туралы Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету қаралуда деген еді. Оның сөзін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да нақтылаған болатын.

«Зейнетақы төлемдеріне жыл сайын 2,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Кез келген өзгеріс триллиондармен саналады. Үкімет бұл мәселені талқылаған жоқ. Арнайы заң бар», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир