|
05.04.2020 | 17:18
1935

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер жалақысының көлемі сақталады – вице-министр

Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтін болды

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер жалақысының көлемі сақталады – вице-министр Фото: ашық дереккөзден

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер жалақысының көлесі сақталады. Бұл туралы аталған ведомствоның вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде мәлім етті., деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қашықтан білім беру жағдайында мұғалім жұмысты көп істемесе, аз істеп тұрған жоқ. Өйткені, осыған дейін бір сыныптың ішінде оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастырған болса, қашықтан оқыту кезінде әр оқушымен жеке жұмыс істеп отыр. Сәйкесінше, мұғалімнің жұмысы азайған жоқ. Сондықтан сіздердің еңбекақыларыңыз толықтай сақталады», - деді Шолпан Каринова.

Вице-министр сондай-ақ, мұғалімдер жұмысты оқу жоспарына байланысты жүргізетіндіктен, ебекақы сол жоспарға сай төленетінін айтты.

Сонымен қатар, вице-министр қашықтан оқыту барысында мұғалімдерден есеп беру талап етілмейтінін, министрлік жүйесінде «маршрут парағы» құжатының жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтін болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир