|
29.10.2018 | 17:57
9057

Алматыда №99 бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда №99 бағыттың автобустары жаңарды

Алматыда  №99 бағыттың автобустары жаңарды. Бүгін ескі, тар қоғамдық көліктердің орнына іші кең, ұзындығы 12 метр болатын су жаңа автобустар жолға шықты.

Автобустардың барлығы бейнебақылау камераларымен және кондиционермен жабдықталған. Сонымен қатар, Еуро-5 стандартына және экологиялық талапқа сай келеді.

Еске салайық, №99 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасы «Әйгерім» ықшамауданының Садовая көшесіне дейін ұзарды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир