Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің туған күніне орай көрме ашылды

10.03.2024 в 22:00

Орынборда ашылған көрмеге ғарышкердің фотосуреттері мен жеке заттары қойылды

108 минут бойы Жер шарын айналып ұшқан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин тірі болғанда 9 наурыз күні 80 жасқа толар еді. Осы датаға орай Ресейдің Орынбор қаласында ашылған көрмеге ғарышкердің фотосуреттері мен жеке заттары қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Юрий Гагариннің өмірі Орынбор өлкесімен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың елуінші жылдары болашақ ғарышкер осындағы Чкалов атындағы әскери авиациялық училищеде курсант ретінде білім алып, ғарышқа ұшудың қыр-сырларын үйренген.

«Экспозицияда Юрий Гагариннің курсанттық өмірінің кезеңдерінен және өңір жұртшылығымен кездесулерінен хабардар ететін фотосуреттерден басқа, оның сәнді костюмі, жейдесі, аңшылық және балықшылық құралдары қойылды», - деп хабарлайды көрме қызметкерлері.

Сондай-ақ көрмеге келушілер назарына Юрий Гагариннің ғұмырынан сыр шертетін деректі фильм мен 1961 жылғы 12 сәуірдегі айтулы оқиғаны бейнелейтін кинокадрлар ұсынылмақ.

Сонымен қатар, адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкердің туған күнінде Юрий мен Валентина Гагариндердің реставрациядан кейінгі пәтер-мұражай ашылады.

Оқи отырыңыз: Қасиетті Рамазан айында қандай іс-шаралар өтеді