|
30.06.2022 | 19:40
1015

Басшылық ауысса да, жағдай бәз-баяғыдай – заңгер

Ол сауда орнының экс-басшылары бизнес ошағын қайтарып алмақшы деп мәлімдеді

Басшылық ауысса да, жағдай бәз-баяғыдай – заңгер  Almaty.tv

«Басшылық ауысса да, жағдай бәз-баяғыдай». Осылай деген заңгер Дәурен Ғабдул Алматы облысындағы ірі базарға қатысты елордада жиын өткізіп, сауда орнындағы жағдайға көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәурен Ғабдулдың айтуынша, сәуірде қожайыны өзгерген сауда орнын көрші елден келген топтар өздігінше бөліп алып, билігін жүргізіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ ол сауда орнының экс-басшылары бизнес ошағын қайтарып алмақшы деп мәлімдеді. Базарда қымбатшылық қолдан жасалып, заң бұзушылық орын алып жатыр дейді. 3 ай бұрын келген жаңа қожайын ортада бағаны шарықтататын делдалдарды жоюға уәде еткен. Сондықтан қазіргі иелері бұл заң бұзушылықтарды жойып, тәртіп орнатуға міндетті деп отыр.

«Бұл шағын сауда орны емес қой, Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың жеп отырған нанымызға әсер етеді. Сондықтан «Алтын орданың» тағдыры әрқайсымызды алаңдатуы керек. Базардың басшылығы ауысып, бәрі өзгереді, жалға алушылар жақсы өмір сүре бастайды, тауарлардың бағасы түседі деп ойладық. Қоғам арқылы тәртіп орнатуға міндеттіміз», – деді заңгер Дәурен Ғабдул.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир