|
08.11.2019 | 19:54
7278

Мұз үстіндегі мереке: «Алматы» арнасына 20 жыл!

23 қараша Медеу мұз айдынындағы ғаламат шоу болады

Мұз үстіндегі мереке: «Алматы» арнасына 20 жыл!

Осы уақытқа дейін көрерменнің көзайымына айнала білген телеарна өз тарихында бірнеше жүздеген телехабар таратты. Одан бөлек, сериалдар мен ақпараттық-танымдық бағдарламалар да тұрақты шығып тұрды. Ақпарат айдынында 20 жыл көрермен үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан "Алматы" арнасы биыл мерейтойын кең көлемде атап өтпек. Тұрақты телекөрермендер үшін отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен керемет кеш өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1999 жылы телеарнаның қазығы қағылып, босағасы бекіді. Содан бері көрермен үшін сапалы контент ұсынып келеді. Эфирге шыққан дайын дүние үшін қаншама тер төгілетінін көрермен біле бермейді. Деседе, сәтті кадр жасаудан бастап, мәтін жазу, дыбыстау, монтаждау - тілші мен техникалық қызметкерлердің көрінбейтін ерен еңбегі. Биыл арна 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Сүйікті телеарна айтулы мерекені қалалықтармен бірге тойламақ.

«Алматы» телеарнасының 20 жылдық мерейтойы жастар жылы аясында «Медеу» мұз айдынында 23 қарашада өтеді деп жоспарлануда. Осы күні жаппай сырғанау және Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысумен концерт ұйымдастырылады. Сондай-ақ, сол күні "Медеу" мұз айдынына келгендер «Алматы» арнасында қызмет ететін мамандармен тікелей тілдесе алады», - деді  «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары Ралида МҰҚАНОВА.

Мұз үстіндегі 20 жылдық аясында концерттен бөлек көрермендерді де бірнеше тосынсыйлар күтіп тұр. «Алматы» арнасының тарихы мен эфирдегі бағдарламаларына қатысты викториналық сұрақтарға дұрыс жауап бергендер бағалы сыйлықтарға ие болады. «Медеу» мұз айдынының төрінде Бүркіт пен Аиша, Әлішер Каримов бастаған эстрада жұлдыздарымен қатар жас әншілер де  өнер көрсетеді.

«Қазір дайындалып жатырмыз. Себебі, «Медеуде» бірінші рет өнер көрсететін боламыз. Өте ұнайды деген ойдамыз. Біз 23 қарашада өзіміздің жаңа трегімізді «Did» орындайтын боламыз. Айнсты күтетін боламыз. Көп адамдар келеді деген ойдамыз», - деді «Сrystals» тобының мүшесі ARI.      

Жоғарыда айтылған керемет тосынсыйлардан құр қалмас үшін барлықтарыңызды 23 қараша Медеу мұз айдынындағы ғаламат шоуға бірге куәгер болуға шақырамыз. Айтпақшы, билеттерді қазір онлайн сатып алуға болады.

Арнат Дүйсен, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир