|
09.08.2022 | 20:56
3421

Көпбалалы аналарға көмектеcкім келеді – Айымгүл Орынбай

Жуырда «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасы эфирге қайта шығады

Көпбалалы аналарға көмектеcкім келеді – Айымгүл Орынбай Almaty.tv

2011 жылы атамекенге оралған Айымгүл Орынбай бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп, өзге көпбалалы аналарға қол ұшын созбақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы ісім ілгеріледі деген кейіпкеріміз мемлекеттен екі мәрте грант ұтып алыпты. «Еңбек» бағдарламасы арқылы өзге аналарды жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

«Бизнесті ары қарай дамытуда өзім секілді көпбалалы аналарды жұмысқа тартсам ба деген ойым бар. Осы маңайда тұратын, бала күтімінен аса алмайтын, сыртқа шығып жұмыс істей алмайтын аналар өзім секілді жұмыс істесе деген арманым бар»,– деді көпбалалы ана Айымгүл Орынбай.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы толыққанды мәліметті арна көрермендері арнайы дайындалған деректі драмадан ала алады. Жаңа маусымда жарыққа шығатын жоба бірқатар маңызды тақырыпты қамтиды деп жоспарланып отыр.

«Үйде отырған әйел кісілер мотивация алады, одан бөлек біздің кейіпкерлердің өмірі, тағдыры арқылы өз өмірлерін қалай өзгерте алады, соған бағыт-бағдар алады. Оған қоса, көптеген мемлекеттік бағдарламаларды аналар біле бермейді, бағдарламада біз оны қарапайым тілде қайда бару керек, қандай құжат жинау керек, не істеу керек деген қарапайым сұрақтардың барлығына жауап беріледі»,– деді сценарист, редактор Меруерт Ахан.

Өз кәсібін ашу, білімді кәсіпкер, сауатты маман ретінде қалыптасу сынды түрлі тақырып талқыланып келген «Бақытты отбасы» бағдарламасы жаңа маусымда деректі драма ретінде 13 тамыздан бастап көрермен назарына қайта жол тартады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир