|
18.10.2021 | 20:45
843

Рухани келісімнің арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз – ҚХА өкілдері

Бүгін – Рухани келісім күні

Рухани келісімнің арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз – ҚХА өкілдері Фото: ашық дереккөзден

«Бірлігі барды жау алмайды». Бүгін – Рухани келісім күні. Еліміздегі 17 конфессия мен 130-дан астам ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштықты орнатуға негізделген бұл мереке 1992 жылдан бері тойланып келе жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Елбасының игі бастамасымен елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлтаралық келісім – ширек ғасырға татитын тәуелсіз еліміз  жеткен басты жетістіктердің  бірі.    

«Балық ұлттар бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың сөз еркіндігі, өзінің тілін дамытуы бар. Елбасының жақсы саясатының арқасында біз бір ата, бір ананың баласы сияқты тіршілік етіп жатырмыз», – дейді ҚХА өкілі Долқынтай Абдухалилұлы.

«Рухани келісім күні – тек қана қоғамдық келісім емес. Бұл – бүкіл келісімдердің түпкі астары, негізі деп айтуға болады. Рухани келісім күніне орай жалпы, Алматы қаласында әр жылы жергілікті биліктің ұйытқы болуымен арнайы шаралар өткізіледі. Ол шаралар мемлекет болашағы мен тұрақтылығы үшін маңызды», – деді әл-Фараби атындағы қазұу арабтану орталығының директоры Еркінбек Шоқай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир