|
24.06.2022 | 21:45
14314

Қазақстанда кейбір өңірде бензин қымбаттауы мүмкін

Сарапшының айтуынша, құны арзан мұнайға инвесторлар да қызықпайды

Қазақстанда кейбір өңірде бензин қымбаттауы мүмкін inbusiness.kz

Қазақстандакейбір өңірлерде бензин қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Энергетика министрлігі бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрық жобасын әзірледі. Алайда құжаттың қаншалықты күшіне енетіні белгісіз. Себебі 8 шілдеге дейін қоғамдық талқылау жүргізіледі.

Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, Қазақстанда жанармай мен дизель отынының шекті бағасы өзгереді. Қазір Аи-92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы еліміздің барлық өңірлерінде 182 теңге деп белгіленген. Енді Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында 187 теңге болады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жақында арнамызға берген сұхбатында бензин бағасын қымбаттату жоспарда жоғын айтқан. Алайда:

«Шынымен айтқанда Аи-92, Аи-93 бензиннің бағасы 182 теңге. 180 күннің ішінде тұтынушылармен әңгімелесіп, ақылдасқанбыз, ешкім жеткізе алмай отыр. Осы маркалы бензинге қосымша 1-2 теңге  қосуға болатын шығар», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Ал дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалғанымен, бұйрыққа жаңа облыстар енген. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Абай облысында литріне 260 теңгеден сатылады. Басқа өңірлерде 230 теңге деп белгіленген. Қазақстандықтар болса, жанар-жағармай бағасының қымбаттауына қарсылығын білдіріп жатыр.

«Бензин бағасы көтерілсе, барлық нәрсенің, тамақтың да, коммуналдық қызметтің де бағасы көтеріледі. Өте ауыр болады», – деді қала тұрғыны Айымгүл Мүталапова.

Ал сарапшы Олжас Байділдинов бензин бағасының сәл қымбаттауы орынды деп отыр. Оның пікірінше, біріншіден, көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өнімдерінің бағасы әлдеқайда арзан. Яғни нарықтық тепе-теңдік сақталмай отыр. Екіншіден, соңғы 20 жылдан бері жаңа мұнай өңдеу зауыттары ашылмапты. Тағы бір мәселе - құны арзан мұнайға инвесторлардың да қызығушылығы жоқ дейді сарапшы.

«Бірде-бір шетелдік инвестор қыруар қаржы салып, соңында реттелетін бағамен өнімді қымбатқа сата алмайтын жағдайға келіспейді. Мұндай жолмен оларды қызықтыра алмаймыз. Мысалы, әлемдік нарықта мұнайдың шикі түрі өңделген АИ-92 бензиннің бағасынан қымбат. Бұл нарықтық экономикада қаймақты сүттен арзан сатумен бірдей болып тұр. Нәтижесінде инвестор тарта алмаймыз, жаңа жобалар жүзеге асырылмайды», – деді сарапшы Олжас Байділдинов.

Сонымен қатар Олжас Байділдинов бағаны тұрақтандыру жыл соңында бензин мен газ тапшылығына әкелуі әбден мүмкін деген болжам жасап отыр. Өйткені АИ-95 маркалы бензиннің бағасына шектеу қойылмаса, көпшілік АИ-92 маркалы бензинді жаппай тұтына бастайды. Сол себепті, бағаны тұрақтандыру жүйесін алып тастау мәселемен күресудің оңтайлы шешімі дейді.

Асылбек Тойбек, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир