|
22.06.2022 | 21:14
915

Күн 45 градусқа дейін ысиды – дәрігер кеңесі

Сұйықтықтарға газдалған, энергетикалық сусын, алкогольдер жатпайды

Күн 45 градусқа дейін ысиды – дәрігер кеңесі stan.kz

Күн 45 градусқа дейін ысиды. Синопиктер алдағы 3 күнге осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағандыда сынап бағанасы 40 градус ал, Қызылорда мен Түркістанда 45 градусқа дейін жетуі ықтимал.

«Күннің ысуына байланысты науқастарға кері әсерлер тиіп жатады. Ауа температурасы жоғарлаған сайын қан концентрациясы жоғарылап, жүрекке күш түсіп, тыныс алу қиындап, қан қысымы күшейеді. Жүрек қан тамырлары ауруларымен ауыратын, қалқанша без, аллергиясы бар науқастарда жиі кездесіп жатады. Соңғы күндері біздің емханамызға келіп, осыған қатысты шағымдарын айтқандар кездесті. Күн өтіп, ыстық өтіп, қызуы көтеріліп, балалар арасында іш өту секілді науқастар бізде болды.  Күн тиюден сақтану үшін күннен қорғанатын кремдер пайдалану керек. Тиісті мөлшерде сұйықтық ішу керек. Сұйықтықтарға газдалған, энергетикалық сусын, алкогольдер жатпайды. Таза су, сорпалар ішіп тұру керек. Теріні ылғалдандыратын кремдер пайдалану керек. Сағат таңғы 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін күннен қорғанатын понама, шляпа сияқты бас киімдерді киіп жүру керек», – деді қалалық №8 емхананың меңгеруші Әйгерім Жүмәсіл.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир