|
20.02.2020 | 21:18
1982

Алматыда «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кеш өтті

Мақсат – ақын рухына тағзым ету, оның мол мұрасын дәріптеу

Алматыда «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кеш өтті

«Абай мұрасы - халық ұлағаты». Осындай тақырыпта Қонаев атындағы Еуразия Заң академиясы студенттері музыкалық-поэтикалық кеш өткізді. Шара Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мақсат – ақын рухына тағзым ету, оның мол мұрасын дәріптеу. Рухани кеште академияның жанынан құрылған ансамбль ақынның сөзіне жазылған туындыларды орындады.

«Мен әріп танығаннан бастап, осы уақытқа дейін Абай өлеңдерін оқимын, сонымен өмір сүріп келемін. Ақын Әбілда Тәжібаев «Абай - біздің бітірмеген мектебіміз деп жазған болатын. Сол айтылғандай, біз оны өмір бойы оқи беруіміз керек, білім ала беруіміз керек», - деді Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының профессоры Әлима ЫСҚАҒИҚЫЗЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир