|
24.01.2020 | 21:27
992

Bek Air жолаушыларға ақшаны қайтаруға міндетті – Роман Скляр

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін кулуарда айтты

Bek Air жолаушыларға ақшаны қайтаруға міндетті – Роман Скляр

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін кулуарда журналистерге жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр осылай деп жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын арнамыздан билеттерінің құнын қайтара алмай жүрген жолаушылар шағымы жайлы бейнематериал өткен болатын.

«Компания ақшаны қайтаруға міндетті, бұл – азаматтық-құқықтық қарым-қатынас. Сондықтан компания ақшаны қайтаруы қажет. Мәселені шешуі керек, тіпті сол үшін қандай да бір мүлік сатса да, несие алса да, билеттердің ақшасын қайтаруға міндетті», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман СКЛЯР.

Айта кетейік, 27-желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға шыққан Bek Air ұшағы, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған болатын. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам опат болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Бек Эйр
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир