|
01.05.2020 | 21:34
1218

Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор – депутат

Қазіргі жағдай елдігімізге үлкен сынақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор – депутат inform.kz

Қазіргі жағдай елдігімізге үлкен сынақ. Одан абыроймен өтіп келе жатырмыз, дейді Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов. Бұл іске Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып жатқан үлесі зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Темірқазықтай мықты татулықтың арқасында ғана қауіптен құтыламыз деп санайды халық қалаулысы.

«Ассамблея мүшелері, этно-мәдени бірлестіктер, барлығы 300 мың адамға 276 миллион теңге көлемінде көмегін көрсетті. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса беретін болады. Елдіктің ерен мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр да келіп қалды. Мереке құтты болсын, бірлігіміз мықты болсын, ағайын!» – деді  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сауытбек ӘБДІРАХМАНОВ.

Ал,Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов Ассамблеяның төңірегіне топтасқан көп ұлт «Біз біргеміз» акциясына белсенді қатысып жатыр дейді. Бірлік болмай, тірлік болмайтынын уақыт көрсетті деген ойын білдірді.

«Осындай бірліктің арқасында еліміз дамып келе жатыр. Бірлігіміз одан әрі жалғасса, біздің еліміз бұдан да жоғары мәртебеге көтеріледі деп мен кәміл сенемін, біз барлық қиыншылыққа, сынақтарға шыдап, келешекте бәріміз  біздің мерекелерімізде жиналатын боламыз. Сондықтан бірге болайық, осы мерекеде, әрбір отбасыға барша жақсылықты тілеймін», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары  Шерзод ПУЛАТОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир