|
16.04.2021 | 23:54
1829

Тұсаукесер! «Алматы» телеарнасынан «Айнұрдың Арманы» атты телехикая көрерменге жол тартады

19 сәуірден бастап

Тұсаукесер! «Алматы» телеарнасынан «Айнұрдың Арманы» атты телехикая көрерменге жол тартады

«Алматы» телеарнасының төл туындысы «Айнұрдың Арманы» атты телехикая 19 сәуірден бастап көрермендердің назарына ұсынылмақ. Ситуациялық комедия желісінде түсірілген телетуынды келін мен ене арасындағы оқиғаларға негізделген. Телехикаяның сюжеттік желісі ата-анасын ауылдан қалаға көшіріп алып келген жас жұбайлар жайлы болмақ.

Қысқа мерзімде  түсірілген сериал басты кейіпкерлер арқылы бүгінгі отбасылық проблемалардың ең үлкені – ажырасу жайлы. Оның басты себебі де осы келін мен ене. Осы телекартина арқылы отбасында қандай жағдай болса да тату-тәтті өмір сүруге болатыны ашып көрсетілген. Басты рөлдерде Әбунасыр Серіков пен Жұлдызай Дүйсенбиева жас жұбайлардың ата-анасы рөлін сомдап, қоғамдағы келін мен ене арасындағы құндылықтарды ашып көрсетеді.

«Ене мен келін арасындағы әдемі бір үндестікті көрсеткіміз кеп тұр. Әдетте ене мен келінді өмірі қас қылып қояды. Бұ да бірде ене орын беріп, кейде келін орын беріп, әйтеуір соңында енді ене жаңағы таза қазақи келінді тәрбиелеп шығады», – деді актриса Жұлдызай Дүйсенбиева.

Фильмнің мазмұны бүгінгі таңда  жастардың шаңырақ көтеруіндегі, келіннің міндеті, ененің орны, отбасындағы қарым қатынасты қамтиды. Шығармашылық топ қоғамда болып жататын кейбір жағдайларды әзілдің астарына сала отырып қалың көрерменге тарту еткен.

«Айнұр мен Арман осы Алматы қаласынан үй алады. Соған ауылдан өзінің аңғал, ақкөңіл кішкене қаталдау енесін Алматыға көшіріп алып келеді. Сол пәтерде Арман Айнұр өзінің ата-енесімен бірге тұрып көптеген қызықты оқиғаларды бастан кешеді», – деді бас продюсер Жадыра Сқабыл.

Алматы телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген туынды 20 бөлімнен тұрады. Түсірілім тобы: «Қарапайым қазақ шаңырағындағы әрбір оқиғаның сериясын әсерлі етуге тырысқан.

Назгүл Әмірбек, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир