|
28.02.2020 | 23:40
1601

Тәуелсіздік ұшқыны авиация саласына жаңа леп берді – Дулат Исабеков

2025 жылға дейін академия статусын әлемдік деңгейге көтеру жоспарланып отыр

Тәуелсіздік ұшқыны авиация саласына жаңа леп берді  – Дулат Исабеков Abai.kz

Тәуелсіздік ұшқыны авиация саласына жаңа леп берді. Алматыдағы азаматтық авиация академиясының студенттерімен кездескен халық жазушысы Дулат Исабеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі. 

Жазушыға, академия басшылығы оқу бағдарламасын халықаралық талаптарға сай жаңартып жатқанын айтып, су жаңа ұшақтың штурвалына отырғызды. Ал 2025 жылға дейін академия статусын әлемдік деңгейге көтеру жоспарланып отыр.

«Мына Alsim деп аталатын француздық авиациялық симулятор соңғы үлгідегі, заманауи жабдық болып есептеледі. Азаматтық авиация академиясы бұл құрылғыны былтырғы жылы орнатып, қазір мұнда 60-тан астам студент тәжірибе алып жүр. Дәл қазір мұнда 2 студент жұмыс жасап жатыр. Олар мына ең негізгі панель арқылы ұшақтың әуеге көтерілуін, қонуын, оның бағытын, жылдамдығын, биіктігін осы жерден басқарып, реттеп отырады».

Шақырылған қонақтарға бірінші кезекте, осы авиациялық симулятор таныстырылды. Оқу орнының тәжірибелі ұстаздары оларға бұл жабдықтың қалай басқарылатынын көрсетіп, күнделікті жұмыс барысымен таныстырды.

«Ұшақта ұшып келе жатқандай сезімде болдым. Техника деген керемет қой. Осы жерде оқыған жігіттердің барлығы бақытты ғой. Мынандай техникамен, мынандай ұстаздармен, жаңағы командир қандай кісі, керемет. Адамзаттың тағдыры осы адамдардың қолында. Кейін жақсы оқып, жақсы ұшқыш болып шықса осылар, қанша адамның өмірі сақталады», – деді ҚР Халық әртісі Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ.

«Аспанға шығып, Алматының жоғары жағына көтеріліп, қайтадан келіп түсіп тұрмыз, міне. Ұшқыштардың өмірінің қандай болатынын азғантай болса да сезіндім. Ұшқыштарға айтып отырмын, бұлардың барлығына батыр атағын беру керек, өйткені өмірінің жартысы аспанда өтеді. Бүкіл елдің тағдыры кішкентай винтке ғана байланысты. Өзіміздің екі қанатымыз алып ұшатын болса, тәуелсіздік деген осы. Бәрі өзімізде болу керек», – деді  жазушы, драматург Дулат ИСАБЕКОВ.

Бұдан бөлек, білім ошағанда бір моторлық, екі моторлық оқу-жаттығу ұшақтары да бар екен. Болашақ мамандар осы су жаңа жаттығу құралдарында 4 жыл бойына тәжірибеден өтеді.  

«Бәрі жаңа. Үкіметтің, бюджеттің ақшасынан бөлінген,  сапалы маман дайындауға арналған техника. Осы Air Astana, Скат әуе компанияларына керек маман дайындап жатырмыз. Былтыр бірінші рет шетелге, Еуропа Одағына 30 баланы оқытуға жібердік. Олар бір жарым жыл Еуропа елдерінің талаптарына сәйкес білім алып жатыр», – деді Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен СЕЙДАХМЕТОВ.

Қазіргі таңда аталмыш оқу орнынан түлеп ұшқан талай түлек  елімізді айтпаған күнде дүниежүзінің бірқатар елдерінде әуе кемелерін басқарып, көк аспанда самғап жүр.

Сая Меңдеке, Қобылан Әлдибеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир