|
31.01.2023 | 21:00
157099

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауады

Жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауады kaztag.kz

Синоптиктер 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік өңірлерде солтүстік циклон жырасына байланысты аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын болады.

Республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 1-6 метрге жетеді. Күндіз -11-13, түнде -25-27°С болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 0-5 метр. Күндіз +2+4, түнде -4-6°С болады.

Шымкентте жаңбыр жауады, жел секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз +7+9, түнде -1+1°С болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир