|
07.07.2021 | 21:45
1397

Жел күшейеді, бұршақ жауады ‒ Қазгидромет алдағы аптадағы ауа райына болжам жасады

Каспий теңізінде қалыптасқан циклонға байланысты республикамыздың басым аймақтарында жаңбыр жауады

Алдағы күндері елімізде аптап ыстық сәл басылады. Дегенмен кейбір аймақтарда 30 градустан жоғары температура сақталады. Бұл туралы толығырақ ақпаратты  Казгидрометтен орталығының  өкілі  Ардақ Қалменова  айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Республикамыздың батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 12-23 градус жылы, күндіз 27-30 градус жылы болады. Республикамыздың солтүстік-батыс аймақтарында түнде 13-23, күндіз 27-28 градус жылы болады. Ал, Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында түнгі мезгілде 18-25 градус, ал күндіз 32- 42 градус ыстық  күтіледі», ‒ деді «Қазгидромет» РМК ауа-райын қысқа мерзімді болжау басқармасының басшысы Ардақ Қалменова.

Сондай-ақ, маман қай өңірлерде жауын-шашын болатынын да айтты.

«Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклонға байланысты республикамыздың басым аймақтарында жаңбыр күтіледі. Жел күшейеді, бұршақ жауады. Ал, Республикамыздың батыс, солтүстік-батыс, шығыс, орталықтың кей жерлерінде қатты жаңбыр жаууы болжанып отыр», ‒ деді Ардақ Қалменова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир