|
15.01.2021 | 10:49
2024

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұрғанын айтты

Ел Президенті мемлекеттік атаулы көмек пен оны алу барысындағы тиісті талаптарды күшейтуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұрғанын айтты kstnews.kz

Бүгін 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұрғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің алдымызда әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта ретке келтіру мәселесі тұр. Мейлінше осал топтағы азаматтарды қолдау мемлекеттің басымдығы болуы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік атаулы көмек пен оны алу барысындағы тиісті талаптарды күшейту керек», –  деді Қ. Тоқаев.

Осыған дейін Президент Үкіметтің отставкасына байланысты қаулыға қол қойғанын хабарлаған болатынбыз. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир