|
23.04.2019 | 11:44
3049

Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман туды – Назарбаев

ҚР Тұңғыш Президенті бұл Қазақстанның саяси өміріндегі өте маңызды мәселе екендігін баса айтты

Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман туды – Назарбаев

Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман туды.  Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында біз партиямыздың ХVIII съезінде мемлекетке, елге қажет барлық мәселелерді кеңінен талқылап, партияның алдағы жұмысын анықтадық. Сондай-ақ стратегиялық бағдарламасын бекіттік. Атқарған  жұмыстарымызға, жетістіктерімізге бірге баға бердік. Ал бүгін Қазақстан Президентінің алдағы сайлауына өз кандидатымызды ұсыну үшін бас қосып отырмыз», - деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті бұл Қазақстанның саяси өміріндегі өте маңызды мәселе екендігін баса айтты.

«Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып отыр.  Биылғы 19 наурызда өздеріңіз білесіздер, мен Президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін осындай оңай емес шешім қабылдадым, ойланып-толғанып шешілген мәселе болды. Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман болды. Уақыт солай, өмір солай. Олар тәуелсіз Қазақстанның абыройын арттырып, беделін биіктете түседі деп сенемін. Біздің буынымыз соларға көмек көрсетіп, жан-жақты қолдап, жағдай жасауымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

съезд
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир