|
13.05.2019 | 12:48
1928

Президенттікке кандидаттар депутаттық қызметін тоқтата ма – ОСК жауабы

Сайлауға Мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков пен Дания Еспаева түседі

Президенттікке кандидаттар депутаттық қызметін тоқтата ма – ОСК жауабы

Қазақстан Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков пен Дания Еспаева үгіт-насихат кезінде депутаттық қызметін жалғастыра береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетсек, кезектен тыс Президент сайлауына Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков және «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева түседі. Екі кандидат та - Мәжіліс депутаты.

«Заң бойынша лауазымды тұлға кандидат болып тіркелсе, қызметін тоқтатпай, жалғастыра береді. Депутаттық сауал болса, заң жобаларын қараса немесе басқа жұмыс тобымен қаралып жатқан заң жобалары бойынша өз пікірін айтса, ол үгітке жатпайды», - деді Баймолдина Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыстан кейін.

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласады:

• «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;

• Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;

• «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;

• «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;

• «Nur Otan» партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;

• Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;

• «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир