|
21.10.2021 | 16:54
3956

Президент заңсыз ереуілге шығатындарға ескерту жасады

Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында көтерді

Президент заңсыз ереуілге шығатындарға ескерту жасады Almaty.tv

Президент заңсыз ереуілге шығатындарға ескерту жасады. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өз сөзінде ол аналардың қоғам алдында жауапкершілігін терең сезінуі керек екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев масылдықты қоғамдық өзекті, тіпті саяси проблема деп атауға болатынын жеткізді.  

«Біз «Бейбіт жиналыстар туралы» өте жақсы заң қабылдадық. Кім не айтса да, бұл – демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Онда бәрі жазылған. Ресми рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Бірақ осынау болмашы талапты кей азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осы тектес әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Бас прокуртураның міндеті – азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті заңнамамызға сәйкес қолдау», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, алқалы жиында бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек екені де сөз болды. Өйткені ұлтаралық бірлік тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шешуші рөл атқарды деп атап өтті Президент. Сондай-ақ, этносаралық қатынас саласындағы өңірлік құрылымдарды мамандармен қамтамасыз етуге де баса назар аудару қажеттігі айтылды. Бұл ретте Мемлекет басшысы қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді тапсырды. Әрі республикалық Аналар кеңесіне де жан-жақты қолдау көрсетілуі тиіс деді.  

«Қазақстан халқы Ассамбелясын одан ары дамыту керек. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ауқымды этносаралық коммуникацияға жол ашуы керек. Республикалық аналар кеңесінің құрылуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бұл кеңес еліміздегі бірлік пен татулыққа негіз болып отырған құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге атсалысады. «Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Ұрпаққа отбасында дұрыс тәрбие беру керек. Бұл айрықша маңызды міндет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир