|
02.07.2020 | 15:26
5813

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты – Айдос Үкібай

Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан айықты – Айдос Үкібай  Фото: ашық дереккөзден

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», – деп жазды А.Үкібай Twitter-де.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир