|
22.11.2019 | 16:19
2024

Цюрих пен Нұр-Сұлтан арасында тікелей рейс ашылуы мүмкін

Бұл екі ел адамдарының жақынырақ танысуына септігін тигізер еді, дейді Швейцария басшысы Ули Маурер

Цюрих пен Нұр-Сұлтан арасында тікелей рейс ашылуы мүмкін

Швейцария президенті Ули Маурер Нұр-Сұлтан мен Цюрих арасында тікелей әуе қатынасын ашу керек деп санайды. Бұл туралы ол Ақордада бірлескен мәлімдеме барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бізге Цюрих пен Нұр-Сұлтан арасында тікелей әуе қатынасы керек. Бұл екі ел адамдарының жақынырақ танысуына септігін тигізер еді. Біздің ынтымақтастық аясында көздегеніміз де осы", - деді Маурер.

Швейцария басшысы қос мемлекет арасында тауар, қызмет, білім ғана емес, мәдени алмасу да болу керек деп санайды.

"Егер біз бір-бірімізді жақыннан танып, ойымызды, тұрмыс-салтымызды жақсы түсінсек, бұл экономикалық байланыстарға да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Біз ашық, транспарентті мемлекетпіз. Қазақстанмен мәдени алмасуды қолдаймыз", - деді ол.

Маурер Қазақстанда жұмыс істеп жүрген швейцариялық компаниялар бұл елде өздерін жайлы сезінетініне сенімді екенін айтты.

Айта кетсек, Швейцария президенті Ули Маурер Қазақстанға ресми сапармен келді. Шетел басшысын елімізге президент Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған болатын. Швейцариялық делегация құрамына инвесторлар мен бизнесмендер де кірді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир