|
27.02.2019 | 17:20
1797

Әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына оң ықпал етпек – делегаттар

Съезге қатысқан өкілдер тапсырылған міндеттер елдің әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсартатынына сенім білдірді

Әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына оң ықпал етпек – делегаттар

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде елімізде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынылды және сол мақсаттарды жүзеге асыру үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болды. Еліміздің бас партиясының аталмыш съезінде айтылған және көтерілген мәселерге орай, делегаттар тапсырылған міндеттер елдің әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп, тұрмыс сапасын жақсартатынына сенімді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Елордамызда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Нұр Отан» партиясының осы съезінің тарихтан алар орны ерекше болмақ. Партия құрылған уақыттан бастап көп тәжірибе жиналды. Бүгін күн тәртібіне шығып отырған мақсаттардың ең бастысы, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасындағы жүзеге асырылуы тиіс мәселелер. Сондықтан еліміздің экономикалық ахуалын ескере отырып, халқымыздың әдеуметтік жағдайын жақсартуды, еңбек өнімділігін арттырып, инновациялық тетіктерді енгізу, диверсификация жүргізу мәселелері – кезек күттірмейтін шаруалар. Ал партиямыздың аудандадағы, ауылдардағы бөлімшелері, бастауыш ұйымдары сол жұмыстардың бәрін қадағалап, бағдарламаның тиімді жүзеге атқарылып жатқанын қадағалап отыруы тиіс.

Партияның басты мақсаты – адамның әл-ауқатын жақсарту. Әсіресе, өңірлерге ерекше көңіл бөліп, аймақтағы өщекті мәселелерді партия фракцияларында, маслихаттарда, Мәжіліс пен Сенатта талмай көтеріп, қандай да бір жемісті нәтижелерге қол жеткізу керек.

Бүгінде заман қас пен көздің арасында жылдам өзгеріп жатыр. Мәселен, кеше ғана бір-бірімен қырғиқабақ болып келген АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары бүгін иық теңестіріп, қатар отырады деп кім ойлаған. Сол сияқты, қазіргі Америка мен Қытай арасында қарым-қатынасты алсақ та, әлемде қандай ірі құбылыс болмасын, экономикалық тоұрғыдан біздің еліміздің мүдделеріне де әсерін тигізіп отырады.  Өйткені, біз де дүниежүзілік экономикаға толық кірдік. Көп елдермен қарым-қатынастамыз. Сондықтан біз де әлемдегі кез келген өзгеріске әркезде дайын болуға тиіспіз.

Соған байланысты, бүгінгі съездің осындай келелі мәселелерді ескере отырып, Елбасымыздың өзі бас болып, партия мүшелері бірауыздан  ел дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауы, сол шешімдерді болашақта орындап, жүзеге асыруды қолға алуы – айрықша ауқымды қадам болып саналады. Ең бастысы, халқымыз сол шешімдерге бірауыздан қолдау көрсетіп, ауқымды істерді атқаруға ел болып жұмыла кіріссек, мемлекетіміздің әл-ауқаты бұдан ары да жақсарып, экономикамыз қарыштап дами түсері, сондай-ақ, бүгін Елбасы атап өткендей, көпбалалы отбасыларға көрсетілер көмектің арқасында демографиялық жағдайымыз да арта түсетінін естен шығармауға тиіспіз», - деп сөзін түйіндеді қоғам қайраткері, академик Рахман АЛШАНОВ. 

Ал Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Әбдірасылов партияның ел тарихында алар орны ерекше деген пікір білдірді. 


«Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп атап өтті. Мінеки, расымен де Жастар жылында мемлекет тарапынан жастарға қолдау ретінде көптеген іс-шаралар жүрігізіле бастады. Соның ішінде жас ғалымдарды, жас кәсіпкерлерді, стартап-жобаларды қолдау сияқты біраз бағдарламалар бар. Бүгінгі съезде келесі он жылдыққа байланысты партиямыздың бағдарламасы қабылданады. Сондықтан партиямыз жастар саясатын қолдау мәселесін қолға алып жатыр. Жалпы, біздің жастарымыз өте дарынды ғой. Мәселен, біздің Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімізде биыл басқа жылдарға қарағанда  студенттер белсенділігі өте жоғары. Біз 32-ге жуық студенттер клубын құрдық. Солардың аясында қазір 10-ға жуық стартап-жобалар жұмысқа кірісіп жатыр», – деп атап өтті Болат ӘБДІРАСЫЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир