|
03.06.2021 | 19:09
5826

Алматыда «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы қабылданды

Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді

Алматыда «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы қабылданды ашық дереккөзден

Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн форматта партияның Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жастар – Отанға!» бағдарламасында халықаралық ұйымдардың тәжірибесі мен жастардың дамуына қатысты әлемдік үрдістер ескерілген. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.

Құжатта бес негізгі бағыт бар, олар: азаматтық белсенділік, сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, жеке даму және бос уақыт. Жол картасы жастар саясатын дамыту бойынша қойылған міндеттерге қолжеткізуге бағытталған 40 көрсеткішті және 70-тен астам іс-шараны қамтиды.

Бұл шешімге қолдау білдірген Алматы мәслихатының жас депутаттар корпусының басшысы Әсия Ақанова «Жастар – Отанға!» Жол картасында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, жас алматылықтардың 38,5%-ы елдің саяси өміріне қатысуға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде қалалық мәслихаттың жас депутаттар корпусының тағы бір мүшесі Арман Жүдебаев «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасының жүзеге асу нәтижелеріне тоқталды. 2020 жылы бюджеттік сала қызметкерлері – мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, 35 жасқа дейінгі журналистер мен ғалымдар тұрғын үй сатып алды. Барлығы 1 мыңға жуық жас алматылық баспаналы болды. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша қарыз сомасы 13 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, үміткерлердің қосымша санатына  құқық қорғау органдарының жас қызметкерлері де қосылды. Биыл тұрғын үйді 1 мың жас маман сатып ала алады.

Жол картасының жоспарлы көрсеткіштері мен іс-шараларын талқылай отырып, қалалық филиал Бюросының мүшелері ұсынылған нұсқада құжатты бекіту туралы шешім қабылдады, оның үстіне Жол картасының барлық бағыттары Мемлекет басшысының Алматы қаласының «Жастарды дамыту индексі» көрсеткіштері бөлігіндегі міндеттермен және елдің басқа да бағдарламалық құжаттарымен, сондай-ақ партиялық бастамалармен үйлескен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир