|
16.09.2021 | 21:40
4457

Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің сессиясында Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің сессиясында Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv

Президент ауған босқындарын қабылдамау, сондай-ақ ұйым кеңістігі аумағында шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ортақ ұстанымды қолдайды. Қазақстан тек гуманитарлық көмек аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы миссиясы қызметкерлерін Алматы қаласында уақытша орналастыру туралы шешіммен шектелген болатын. 

«Біздің бақылауымызша Ауғанстандағы жағдай аса қатты тұрақсызданып, азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін. Жаңадан уақытша үкімет құрылды. Оның құрамы мен ниеті туралы әлемде әртүрлі пікір бар. Жаңа тәліп әкімшілігінің құрылуы Ауғанстанда бейбітшіліктің орнағанын және экономикалық тұрғыдан даму үшін қажетті жағдайлар жасалатынын білдірмейді. Бұл жерде күтпеген кедергілер бары анық», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, маңызды басқосуда Қазақстан тарапы халықаралық үш келісімнің қабылдануын құптады. Атап айтқанда, юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлерін материалдық-техникалық қолдау және медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету. 

«Бұл құжаттардың мәні зор, олар жан-жақты пысықталып, онда тараптардың ұстанымдары ескерілді. Аталға құжаттарға қол қойылуын құптаймыз. Желтоқсан сессиясында айтылған ұсынысымды іске асыруда Бас хатшының бітімгерлік жөніндегі арнаулы өкілі туралы шешімді қабылдаймыз. Қолдағандары үшін барша әріптестеріме алғысымды білдіремін. Осындай институттың құрылуы Ұйымның жұмысына тың серпін беретініне сенімдімін», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир