|
27.03.2020 | 13:51
1221

Азаматтарымыздың тұрғын үйлерінен шығуына шектеу қойылады – Мамин

Шектеу шаралары ертеңнен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында күшіне енеді

Азаматтарымыздың тұрғын үйлерінен шығуына шектеу қойылады – Мамин ©Sputnik/Владислав Воднев

Шектеу шаралары ертеңнен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында күшіне енеді. Мұндай шешімді Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан мен Алматы  қалаларындағы барлық саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары жабылмақ. Бұдан былай көшеде үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салынбақ. Кәмелетке толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне де болмайды.

«Азаматтарымыздың тұрғын үйлерінен шығуына шектеу қойылады. Жұмысқа баруды қоспағанда, тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу үшін ғана шығуға рұқсат. Түсінемін, қатаң шаралар. Алайда  өз азаматтарымыздың денсаулығы үшін қолдану қажет», – деді  ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Үкімет басшысы, сондай-ақ, Шымкентте карантин режимінің элементтері енгізілетінін де мәлімдеді. Мәселен, әуежай, теміржол және автовокзалдың жұмысы тоқтатылады. Ал «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй кешеніне 14 күнге карантин енгізіледі. Халық көп жиналатын орындар жабылып, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектелмек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир