|
26.06.2019 | 14:12
8381

Қостанай жағажайында атыс болды: қыз бала жарақат алды

Оқиға туралы Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде жарияды

Қостанай жағажайында атыс болды: қыз бала жарақат алды Tengrinews.kz

Қостанайда белгісіз біреу қызға оқ атты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлер кінәлі ер адамды іздестіріп жатыр. Оқиға жайлы көпшілікке Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны  әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде жариялады. Оның айтуынша, белгісіз ер адам пневматикалық қарудан оқ атқан. Қыздың айтуынша, ол бұл әрекетті қасақана істеген.  

«Өтініш, сақ болыңыздар. Бұл қыздың орнында кез келгеніңіз болуыңыз мүмкін. Жалпы, қалада қаруланған адамның емін-еркін оқ атып жүруінің өзі сұмдық жағдай», – деді зардап шеккен қыз.  Оқ атылғаны туралы хабар полицияға 16:30-да түскен. Ер адамды іздестіріп жатыр.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Олар оқ жаудырған адамның сұр түсті «ВАЗ 21009» автокөлігімен жүргенін анықтаған. Осы жағдайға қатысты қандай да бір мәліметті білген адам болса, полицияға хабарласуды сұраймыз. Қыз бала ауруханаға бармаған», – деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир