|
05.02.2019 | 14:16
2151

Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма – министр жауап берді

«Времянкадан» шыққан өртке пеш себеп болған

Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма – министр жауап берді CC0 / pixabay.com

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов алапат өрттен кейін бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қасымов өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Сараптама жүргізу керек. Өрттің шығуына пеш себеп болған», – деді министр үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін марқұм қыздардың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сауалға да жауап берді.

«Менің ойымша, бұл іс қозғайтындай жағдай емес», – деді Қасымов.

Еске сала кетсек, ақпанның үшінен төртіне қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында «времянка» өртеніп, бес бала көз жұмды. Қаза болғандардың барлығы – қыз. Балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыста болған.

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир