|
04.06.2020 | 15:28
3688

Әскерилер дезинфекция жұмыстарынан кейін медициналық тексерістен өтеді

Сарбаздардың жұмысы аяқталған соң арнайы киімі жойылады

Әскерилер дезинфекция жұмыстарынан кейін медициналық тексерістен өтеді almaty.tv

Әскерилер дезинфекция жасап болған соң медициналық тексерістен өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауынгерлер қаладағы қоғамдық орындарды залалсыздандыруға бел сыбана кіріскен еді. Бүгін де бір топ маман 3 мекенжайға арнайы сұйықтық шашып шықты. Олар балалардың ойын алаңы, тұрғын үйдің кіреберісі, отырғыштар мен жаттығу құралдарын тазалады. 2 ауданды қамтыған сарбаздардың жұмысы аяқталған соң арнайы киімі жойылады.

«Залалсыздандыру жұмыстарының екінші кезеңін жалғастырудамыз. Оған орай арнайы 2 техника және 10 адам жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 3 мекенжай бойынша  жұмыс барысын жалғастырудамыз. Нақты қазіргі мекенжайымыз – Ақсай 1 ықшамауданы. 8 үйдің ауласы мен подьездерін залалсыздындару жұмыстарын жүргіземіз», – деді Радиоэлектроника және әскери байланыс институтының қызметкері Нұраддин ЖҰМАХАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир