|
24.05.2020 | 18:47
2586

Көлігінің төбесіне екі қызды отырғызып cеруендеген жүргізушіге сот үкімі шықты

Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды

Көлігінің төбесіне екі қызды отырғызып cеруендеген жүргізушіге сот үкімі шықты стоп-кадр

Нұр-Сұлтан қаласында мас күйінше көлік жүргізген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

24 мамыр күні таңғы 04.30 кезінде 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінше орталық саябақта Lexus LX 570 көлігін жүргізген.

Әлеуметтік желіде екі қызды Lexus LX 570 көлігінің төбесіне отырғызып алған жүргізуші бейнеленген видео тарады.

Қалалық полиция қызметкерлері жас жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартты.

«Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамалды. Ол енді 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Сот оны осындай мүмкіндіктен айырды. Автомобиль айып тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ екі жолаушы – көліктің төбесінде отырған 2000 және 2001 жылы туған екі қыз да аталған кодекстің 615-бабы бойынша жауапқа тартылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир