|
27.03.2020 | 19:12
1326

Үйінен шыққан азаматтар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін – Абаев

30 наурыздан бастап мекемелердің басым бөлігі жұмысын тоқтататынын жеткізді

Үйінен шыққан азаматтар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін – Абаев otyrar.kz

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үйінен шыққан азаматтар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн-брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгін түнгі 00.00-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Баспанадан тек азық-түлік пен дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға рұқсат. Ал азық-түлік дүкендері мен дәріханалар тұрғын үйлерге жақын орналасқандықтан, полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін.

«Егер азаматтар, басқа себептермен шыққан болса, онда, алдымен ескерту, одан кейін 26 мың 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін, қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ.

Министр, сондай-ақ, 30 наурыздан бастап мекемелердің басым бөлігі жұмысын тоқтататынын жеткізді. Ал егер көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып, қайда бара жатқаныңызды сұраса, оған түсіністік таныту қажет, деді Дәурен Абаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир