|
Oqıǵalar
06.04.2020 | 19:29

Залалсыздандыру жұмысына көңіліңіз толмаса немесе кесте бойынша жүргізілмесе хабарласаңыз!

Алматыда аулалар мен көшелерді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Залалсыздандыру жұмысына көңіліңіз толмаса немесе кесте бойынша жүргізілмесе хабарласаңыз! mir-auto.kz

Алматыда аулалар мен көшелерді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Маңызды іске күніне 70 бригада жұмылдырылады. 520 жұмысшы арнайы қорғаныс киім киіп, дезинфекция жасап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, дезинфекция дұрыс жасалмаса кімге хабарласу керек?

Пирамида тәрізді тізілген қызғылт-сары жүк көліктері қала көшелерін дәл осылай залалсыздандыруда. Жолдың қос қапталындағы мини-машиналар да жүргінші жолына препарат сеуіп келеді. Көліктен шашылған сұйықтық коронавирустың таралуына тосқауыл қояды, дейді жаупты мамандар. Мегаполисте тұрғын үй қорын дезинфекциялау айына 8 рет жүргізіліп отыр.

«Қаладағы тұрғын үй қорында дезинфекция аптасына екі рет жүргізіліп жатыр. Яғни, ол 8 жарым мың үй, 23 жарым мың кіреберіс және 4082 аула. Оларға біз арнайы мекемелерді тартып, сол арқылы жұмыстарды өткізіп жатырмыз», – деді  қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.

Жауаптылардың сөзінше, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігер ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Қолданылып жатқан құралдар вирустың қоздырғыштарына, жедел респираторлық вирустық инфекциялардың микробына қарсы белсенділікке ие, ел аумағында пайдалануға рұқсат етілген және бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының өкілдері, дезинфекция жасалған үйлерді пәтер иелері кооперативтерінің басшылары қабылдап алады. Егер, дұрыс жасамаған болса, қайта залалсыздандырамыз дейді.

«Әрине,  бүкіл жұмыстардың барлығын қабылдау ол жаңағы біздің пәтери иелері кооперативтерінің төрағалары  мен төрайымдары қабылдайды. Олар жоқ болған жағдайда тұрғындардың өзі қабылдайды. Егер олардың қолдары болмаса, олардың жұмысы қабылданбайды», – деді  қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.  

Әр аудан бойынша жауапты тұлғалар бекітілген. Залалсыздандыру жұмыстарына көңіліңіз толмаса немесе кесте бойынша жүргізілмесе, экранда көрсетілген нөмірлерге тікелей хабарласуға болады. Сонымен қатар, сапасыз дезинфекцияланған кіреберістер мен ауланың бейне-фото материалдары болған жағдайда +7 701 038 2525 нөмірі бойынша WhatsApp-қа жіберуге болады.  

Өмір Әнуарбек, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы


‡агрузка...