|
16.09.2020 | 00:00
3949

Жамбылда жыл басынан бері 2,5 тонна есірткі тәркіленген

Бұл мөлшер Республика бойынша рекордтық көрсеткішке жетіп, облыс теріс тізімде бірінші орынға шыққан

Жамбылда жыл басынан бері 2,5 тонна есірткі тәркіленген almaty.tv

Жамбыл облысында жыл басынан бері 2,5 тонна есірткі заты тәркіленген. Бұл мөлшер Республика бойынша рекордтық көрсеткішке жетіп, облыс теріс тізімде бірінші орынға шыққан. Бұл жағдай Шу өңірінде өршіп тұр. Тіпті бірнеше келі емес, 2 центнерді бірден тиеп кетпек болғандары да бар. Almaty.tv тілшісі Мерей Бает аймақтағы ахуалды айқындап айтсын.

Бұл нашаны асыра жинағанын полицияның қолына түскенде бірақ түсінген 21 жастағы Шу ауданының тұрғыны. Жас жігіт қылмысты ісін алдын ала жоспарлаған. Алдымен 218 келіні жиып, кейін алып кетпек болған жерінен қолға түсті. Оқиға Тасөткел ауылы маңында орын алған. Енді заң бұзған тұрғын 10 жылдан 15 жылға дейінгі уақытын темір торда өткізбек. Әрі дүние мүлкі де тәркіленеді.

Жамбыл облысында жалпы жыл басынан бері 2 тонна 400 келіден аса есірткі тәркіленіп отыр. Оның басым бөлігі, яғни 2 тонна 340 келісі марихуана болса, 50 келіден астамы гашиш. Героин мен синтетикалық есірткі де мамандардың бас ауруына айналған. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды жасырын жарнамалап, әлеуметтік желі арқылы сатуға ықпал еткен 3 тұрғын ұсталды. Олар арам ойын, қала үйлерінің қабырғаларына жасырын жазба жазу арқылы іске асырып отырған.

«Есірткі синтетика сату бойынша 3 азамат ұсталып, үшеуі облыс орталығымыздағы қалада синтетиканы сату және де интернет сайт арқылы сатқандар ұсталған болатын.  Қабырғаларға, жерге жазу бойынша есірткі затын жарнамалайтын сайттар жазу бойынша. Ол бойынша 3 дерек анықталған. 299-дың 1-бөлігі бойынша 3 жылға дейін, егер де қайталанатын болса, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», – деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат Алметов

Полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында өз ауласын есірткіні баптап өсіріп, кейін сатпақ болған  22 азамат ұсталды. Бір қызығы, олардың арасында облыс орталығының тұрғындары да бар. Полиция департаменті есірткі қылмысымен күресті одан әрі күшейтеміз деп отыр.

Мерей Бает Шығысхан Кеңесхан Мейіржан Ерболатов «Алматы тв» Тараздан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир