|
18.05.2022 | 18:37
609

Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-әлеуметтік ауқымды өзгерістер орын алуда – Серік Сейдуманов

Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-әлеуметтік ауқымды өзгерістер орын алуда – Серік Сейдуманов Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау үшін Алматы қалалық партия штабы өткізетін іс-шараларды іске асыру шеңберінде ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты «Конституциялық реформа Жаңа қазақстанның саяси-құқықтық негізі» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Конференцияға қатысушылар-отандық ғалымдар мен сарапшылар Конституциялық реформаның өзекті мәселелерін, жаңа Қазақстанның саяси-құқықтық аспектілерін, 2022 жылғы 5 маусымдағы алдағы жалпыұлттық референдумның міндеттері мен мақсаттарын талқылауды жоспарлап отыр. Институттың жетекші ғалым-саясаттанушылары мен шақырылған сарапшылар Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдаудағы Amanat партиясының мәлімдемесін назарға алып, орындау барысында реформалар нәтижесінде Қазақстанның саяси дискурсы қалай өзгеретіні туралы өз пікірін білдірді.

«Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен саяси-әлеуметтік жағынан маңызы зор аса ауқымды өзгерістер орын алуда. Соның ішіндегі ең негізгісі ол – референдум. Бұл дегеніміз біздің Ата-заңымыздың құқықтық заңдық негізде бекуіне септеседі. Сонымен қатар әлеуметтің әлеуетін арттырып, дамыған елге жол бастайтын тың жаңашылдық болғалы тұр. Өздеріңіз білетіндей Қазақстан демократиялы, қарыштап дамыған, әр салада үлкен жетістіктерге жеткен алпауыт мемлекетке айналуды бәріміз көздейміз. Сол бағытта атқарылып жатқан шаруаларда аз емес. Өткізіліп жатқан талқылаулар мен кеңестер соның айқын дәлелі. Мемлекетіміздің іргесі бекем, алар асуы алда болсын демекпіз», – деді Философия, Саясаттану және дінтану институтының бас директоры, академик Серік Сейдуманов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир