|
13.06.2022 | 19:15
1292

Референдум – билік пен қоғам арасындағы ашықтықтың көрнісі

Референдум – билік пен қоғам арасындағы ашықтықтың көрнісі Almaty.tv

Референдум – билік пен қоғам арасындағы ашықтықтың көрнісі. Конституциядағы өзгерістерге орай өткізілген жалпыхалықтық науқанға көпшіліктің пікірі осындай, деп хабарайды Almaty.tv тілшісі.

Халық пікірін ескеру, тұрғындармен санасу елдің демократиялы қоғам болып қалыптасуына жасалған алғашқы қадам дейді тәуелсіз сарапшылар.

«Өзіміз көргендей референдумдағы сайлау көрсетілген статистиканың бәрі шынайы сандар деп айтуымызға болады. Бұл алғашқы қадамның өзі билік пен қоғам арасындағы ашықтық, шынайылық, шындық екенін көрумізге болады», – деді әлеуметтік ғылымдар магистрі Дәурен Амангелді.

Жалпыхалықтық саяси науқан қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағының арқасында табысты өткенін көрдік дейді Олжас Кәрібаев. Пікірінше, бұл еліміздің одан әрі табысты дамуына жол ашады. Бүгінде сыртқы елден келетін сын-қатер көп. Референдум осы сынды қауіптің алдын алмақ.

«Қазақ айтады ғой, 50 жылда ел жаңа деп. Бүгінгі, қазіргі қабылданып жатқан өзгерістерді заман талап етіп отыр. Осындай өзгерістерді енгізу керек уақыт келді. Өз уақытында қабылданған шешім деп білеміз», – деді Абай атындағы Қаз ҰПУ оқытушысы Олжас Кәрібаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир