|
19.03.2023 | 12:46
1698

Алматыда "Бүкіл отбасымызбен дауыс береміз" акциясы өтуде

Алматыда "Бүкіл отбасымызбен дауыс береміз" акциясы өтуде Almaty.tv.

Алматының барлық аудандарында "Бүкіл отбасымызбен дауыс береміз" акциясы өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала билігінің бастамасы кішкентай алматылықтардың бала кезінен қоғам мен мемлекеттің өміріне қатысуын тәрбиелеуге бағытталған.

Мегаполистің сайлау учаскелерінде мерекелік атмосфера құрылды: әсем интерьер, музыка, сыйлықтар мен тәттілер. Сайлаушыларға нан, бауырсақ, наурыз көжеден дәм тату ұсынылады. Кішкентай алматылықтарға шоколад, сыйлықтар беріледі.

Ұйымдастырушылардың бұл тәсілі сайлаушылардың жағымды эмоцияcын тудырады, мерекелік көңіл-күй қалыптастырады және сонымен бірге салтанатты сәттің маңыздылығы  елдің саяси өміріне қатысу туралы түсінік береді.

"Біз бүкіл отбасымызбен дауыс береміз" акциясының маңыздылығын көптеген сайлаушылар бағалады.

"Мен сайлауға алғаш рет ата-анаммен келгенім есімде. Сол кезде де бала кезімде мен бұл оқиғаның маңыздылығын сезіндім. Қазір өзім ата - анамын, ұлыммен бірге сайлауға келдім, сондықтан ол жас кезінен бастап азаматтық жауапкершілікке тартылды, тағдырды өз қолына алу керек екенін түсінді", – деп өз әсерімен бөлісті №21 учаскеде дауыс берген алматылық Константин.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы өтуде. Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир